Жарияланды: 08.11.2022

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді.

Кәсіпкерлермен және аграрлық сектор өкілдерімен кездесуде штаб мүшелері өңірдегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Бұдан соң Қызылорда жылу электр орталығының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың коммуналдық шаруашылық саласында ұсынған реформалары, туралы айтып берді.

Бұл күні штаб мүшелері айтыскерлермен және жыршылармен кандидаттың мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстанды бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен толеранттылық елі ретінде танытуға бағытталған сайлауалды бастамаларын талқылады.

«Қазір біздің еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатыр және халықтың ертеңгі күнге деген сенімі зор. Әділдік бар жерде халықтың ынтымағы да, өзара ауызбіршілігі де бекем. Мұндай қоғамның тұрақты дамитыны да сөзсіз. Мемлекетімізді сақтау, тәуелсіздігімізді баянды ету әділетті Қазақстан құруды талап етіп отыр. Әділетті Қазақстан құру үшін ең алдымен бүкіл қоғамды өзгертіп, оған баршамыз атсалысуымыз керек. Барлығымыз алдағы сайлауға белсенді қатысуымыз қажет, себебі еліміздің ертеңгі тағдыры әрбіріміздің дауысымызға байланысты», деді жыршы Ұлжан Байбосынова.

493 қаралым