Жарияланды: 29.11.2022

Интернет-дүкенде алаяқтарды қалай әшкерелеуге болады?

 

Қазіргі алаяқтар қарапайым интернет пайдаланушыларын алдау үшін әртүрлі схемалар мен айла-амалдарды ойлап шығаруда. Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Өйткені Қазақстанда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап арбаудың нешетүрлі айла тәсілдері ойла табуда, Интернетте онлайн қызмет пен сауда-саттық түрлері дамыған сайын онымен бірге киберқылмыс пен алаяқтық та қатар жүреді. Ғалам желісіндегі алаяқтардан қалай сақтанған жөн? Олардың арбауына түскенде не істеу керек? Пайда көзін табудың жаңа тәсілдерін ойлаудан жалықпайтын алаяқтар дербес деректерді қолға түсіруге тырысып бағады. Бүгінде құқық қорғау органдары да Түркістан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мамандары осы тарапта тұрғындарға түрлі кеңестер беруде. Солардың бір парасы: — әлеуметтік желілердегі алаяқтар туралы мәліметтер жиналған әлеуметтік желілердегі топтарды тексеріңіз.

Көптеген алаяқтардың деректерін, олардың аккаунттары мен парақшаларының фотоларын арнайы әлеуметтік желілер топтарында және басқа әлеуметтік желілерде «Абайлаңыз алаяқтардан» табуға болады.

-Интернет-дүкендегі жазбалар астындағы жазылушылардың, лайктардың, пікірлердің санын салыстырыңыз. Егер интернет-дүкенде жазылушылар саны көп болса және жазбаларға ұнайтындар саны аз болса, онда жазылушылар саны алдамшы болуы мүмкін. Өнімнің фотосуреттерін талдаңыз. Жазбалардағы пікірлерді оқыңыз. Өнімнің орташа бағасын тексеріңіз.

Егер сіз интернет-дүкендердегі алаяқтардың құрбаны болсаңыз, онда дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешу үшін сатушыға шағым беруіңіз керек.

Егер оған жауап келмесе, онда сіз уәкілетті органдарға, оның ішінде Түркістан  облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне өтініш жаза аласыз. Уәкілетті органнан жауап алғаннан кейін жоғалған ақшаны өндіріп алу үшін сотқа жүгінуге кеңес береміз.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетіне @Kzpp_bot деген Telegram-бот арқылы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысының блогына, электрондық үкімет тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша шағымдарды қабылдайтын www.e-tutynushy.kz платформасына өтініштерді жолдауға болады.

 

351 қаралым