Жарияланды: 29.11.2022

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбында жиын өтті

 

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы Шәуілдір, Қоғам, Талапты ауыл округтерінде аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар саясатын жүзеге асыру барысы және өзге де қоғамдық мәселелер бойынша кезекті жиын өтті.

Кездесуге ауыл окугінің әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық полиция бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапты мамандары, ауыл билері мен ардагерлер, әйелдер кеңесінің төрайымдары мен белсенді жастар, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосуда отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Зүбайра Надирова мен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Досанов жауап берді. Сондай-ақ ауыл округтеріндегі қоғамдық саяси ахуал туралы үш ауыл округінің әкімдері баяндап, осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен үндеуі әңгіме арқауына айналып, көпшілік алдағы саяси науқанда еліміз ынтымақ пен бірліктің берік үлгісін көрсететініне сенім білдірді.

Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев қорытынды сөз сөйлеп, аудан әкімі С.Сұлтанхановтың тапсырмасына және аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес өткен кездесудің мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті. Бөлім басшысы өз сөзінде ішкі саяси ахуалымыз тұрақты болған жағдайда ғана алға қойған жоспарларымыз іске асатынын жеткізді. «Қандай жағдай болмасын бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан елде берекелі іс болады»-деді ол.

 

 

 

 

333 қаралым