Жарияланды: 29.11.2022

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін…

 

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, жол-көлік оқиғасының және құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында көпфункциялы «Сергек» камералары орнатылды.

Аудан әкімінің сұранысы негізінде «Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан-Кентау» автожолының бойына «Сергек» автоматты түрде жұмыс атқаратын бейнебақылау камераларын орнату Түркістан облысының полиция департаментімен қаралды (Департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі А.Сейдуалиевтің атынан 28.06.2022 жылғы №1-5-5-30/3567 санды хаты).

«Көркем Телеком» ЖШС, Түркістан облыстық полиция департаменті және Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы арасында түзілген меморандум аясында Отырар ауданы аумағындағы жол-көлік оқиғасы көптеп тіркелген 3 орынға бейнебақылау камералары қойылды. Камералар орнатылған орындар: Шәуілдір ауылы. Жібек жолы даңғылы мен Ж.Шәймерденов көшесінің қиылысы. «Есен ана» мешітінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолы. Жылдамдық — 40 км/сағат.

Координатасы: 42.7866838, 68.384859.  Шәуілдір ауылы. Жібек жолы даңғылы. «Оқсыз» спорт кешенінің маңы. Жылдамдық — 60 км/сағат

Координатасы: 42.8010598, 68.4065726. Темір ауылы. Жібек жолы даңғылы «Ғалия» азық-түлік дүкені мен «Алмас» АЖБ маңы. Жылдамдық — 60 км/сағат. Координатасы — 42.8155332, 68.4282418. Алынған камераларды құжаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты  қазан айынан бастап іске қосу жоспарлануда. «Сергек» камераларының іске қосылғаны туралы мәлімет қосымша хабарланатын болады.

 

 

 

362 қаралым