Жарияланды: 08.11.2022

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысына сәттілік тіледі

 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл құрылым адам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды, заңнаманың және құқық мирасқорлығы тәжірибесінің дамуын қамтамасыз етуді, ағартушылық бағдарламаларды дайындап, оларды жүзеге асыруды мақсат тұтады.

Омбудсменнің жұмысы БҰҰ-ның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған Қазақстан Респубикасының халықаралық міндеткерліктеріне және осыған ұқсас құрылымдардың әлемдік тәжірибесіне сай атқарылады. Сонымен қатар Омбудсмен үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынас орнатады. Омбудсмен жұмысының негізгі қағидалары: жариялылық, әділдік және бейтараптық. Түркістан облысының  әкімі Дархан Сатыбалды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі болып тағайындалған Наталья Кожабекованы аппарат отырысында арнайы таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Кожабекова Наталья Сунгатовна 1970 жылы дүниеге келген. 2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1989-2018 жылдар аралығында ҚР ішкі істер органдарында әр түрлі қызмет атқарған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне +77055074605 арқылы хабарласуға болады.

 

397 қаралым