Жарияланды: 08.11.2022

Шардарада «Заң керуені» акциясы өтті

 

Бүгін Шардара ауданында Түркістан облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң керуені» акциясы өтті.

Жиынға облыс прокурорының бiрiншi орынбасары Д.Н.Сыздықов, облыс прокуратурасының 2-басқармасының бастығы Қ.Б.Тоқсанбаев

Қ.Ж.Жолдыбай аудан әкiмi, аудан прокуроры Р.Ә.Абдраймов, АПБ бастығы Ш.А.Абдраманов және басқа да аудан әкiмдiгiне қарасты бөлім басшылары мен тұрғындар қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыр отырып, жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, халықтың үнін тыңдап өңірдегі өзекті мәселелерді анықтап, заң аясында шешу болып табылады.

Акция басында аудан прокуроры Р.Абдраймов ауданда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Сондай-ақ, жиын сұрақ-жауап форматына өтіп, қатысушылар тарапынан жер, аулалар мен көшелерге қосымша бейнебақылау орнату, үкіметтен бөлінетін дәрі-дәрмек сапасын бақылау, облыстық маңыздағы Шардара-Абай тасжолын қайта жөндеуден өткізу, заңсыз құм тасмалдау және басқа да мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді

576 қаралым