Жарияланды: 29.11.2022

Полиция инспекторлары жасөспірімдермен жұмыс істеуде

 

Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері әйелдерге және балаларға жасалынатын зорлық-зомбылық мәселесін зерттеу және алдын-алу мақсатында Түркістан қаласындағы мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Шаранын негiзгi мақсаты-әйелдер мен балаларға қатысты жасалынатын

зорлық-зомбылықтың тәсiлiн және әдiсiн, сондай-ақ, оның себептері мен

жағдайларын анықтау және ерте жүктiлiктiң алдын алу болатын.

Полиция инспекторлары оқушыларға күнделiктi өмiрде орын алып жатқан құқық бұзушылықтар жайында түрлi ақпараттар мен таныстырып, қандайда бiр құқық бұзушылық жәйті орын алған жағдайда полицияға хабар берулерін ескертуде.

 

400 қаралым