Жарияланды: 29.11.2022

Аудан прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін жұмыс атқаруда

 

​Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының прокуратурасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалымен бірлесіп Қаратөбе ауылдық округінің кәсіпкерлерімен және ауыл тұрғындарымен  кездесу өткізді.

Жиында төрағалық еткен аудан прокуроры О.Абдраманов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында аудан прокуратурасымен атқарылған жұмыстары және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін қылмыстық құдалау саласында қандай жаңалықтар пайда болғаны туралы баяндама жасап, кәсіпкерлердің және ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Одан бөлек, жиналғандардың алдында кәсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекет тарапынан қандай бағдарламалар іске асып жатқаны туралы, осыбағдарламалар арқылы көмек алу үшін қандай құжаттарын жинақтап қайда өткізу керектігі туралы аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі О.Жанкалов айтып өтті

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП-ның аудандық филиалының басшысы М.Мусаева палата тарапынан қандай көмектер мен қолдаулар көрсетілетіні түсіндіріліп, тиісті құжаттар халық арасында түсіндірме және насихаттау жұмыстарын жандандыру үшін Қаратөбе ауылдық округінің әкімдігіне жеткізілетінін мәлімдеді.

Өз кезегінде жиынға қатысқан азаматтардан мемлекеттік бағдарламалар арқылы алуға болатын гранттар, несие, субсидиялар туралы бір қатар сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.

Жиналыстың қорытындысымен хаттамалық шешімге кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарымен көтерілген сұрақтардың барлығы еніп, осы хаттамалық шешімнің орындалуы бақылауға алынды

 

 

453 қаралым