Жарияланды: 09.11.2022

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТАЙЫҚ

Санаулы күндерден соң ел тарихында айтулы оқиға орын алмақ. 20 қарашада баршамыз ел президентін сайлау үшін өз таңдауымызды жасаймыз. Бұл саяси науқанда жұдырықтай жұмылып, белсенділігімізді көрсетуіміз керек.

«Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ», деп түрік ақыны Назым Хикмет жырлағандай, алдағы сайлауда бас көтеріп жауапкершілікті біз арқаламасақ, кім көтереді?

Қазақстан – біздің алтын шаңырағымыз, ортақ үйіміз. Сол шаңырақтың түтінін түтетіп, керегесін кеңейтпесек, болашақ ұрпақ алдында бізге жүктелген сын емес пе?

Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдаланып, сайлауға барамын. Сіздерді де бірге таңдау жасауға шақырамын. Ұлт болашағы үшін ұйымшылдық танытайық! Бұл сайлау – еліміздің дамуы жолындағы игі қадам болмақ. Сайлауға келіңіз, дауыс беріңіз!

Мұқағали КЕНЖЕТАЕВ,
ақын

463 қаралым