Жарияланды: 09.11.2022

САЙЛАУ ДАМУДЫҢ ЖАҢА АСУЛАРЫН БАҒЫНДЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Бәрімізге белгілі, сайлау азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Сондықтан, 20-шы қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауы еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезеңдердің бірі.

Енді Президент 7 жылда бір рет сайланады. Сондықтан, алдағы уақытта өтетін сайлау, Қазақ елінің өркениеттің даңғыл жолына түсуіне игі әсері болары анық. Олар осы ұлы мақсатты орындау жолында мемлекеттің өркендеу бағытындағы қадамдарына ұтымды басшылық жасап, іс жүзіне шынайы асыра алатын президенттікке үміткерді дұрыс таңдайды деп сенемін.

Сайлау жалпыға бірдей, тең, бәсекелі әрі ерікті түрде өтетініне еш күмәнім жоқ.

Жәмила СҮЛЕЙМЕНОВА,
Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, “Еркем-ай” балабақшасының директоры

394 қаралым