Жарияланды: 09.11.2022

САЙЛАУ БОЛАШАҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ ЖОЛЫН БЕЛГІЛЕЙДІ

Ата Заңымызда «Ең қымбат қазына – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы» деп көрсетілген. Сондықтан көпұлтты Қазақстанда мемлекет басшысын халық дауыс беру арқылы сайлайды. Мен Жетісай ауданының белсенді жасы ретінде сайлаудың ашық, әділ, демократиялық жағдайда өтетініне сенемін.

Дүниежүзіндегі саяси, қоғамдық қауіпсіздік пен ахуалдың тез өзгеріп, құбылып тұрғанын қөріп отырмыз. Осындай кезде елімізде сайлау өткізудің маңыздылығы жоғары деп білемін. Менің дауысым елімнің ертеңі үшін маңызды. Ертеңіне сеніммен қарайтын әрбір патриот жастарды сайлауға белсене қатысуға шақырамын. Біз біріксек бағынбайтын белес, алынбайтын қамал қалмайды.

Сайлау науқаны патриот екенімізді дәлелдейтін сәт деп білемін. Қазақ елін лайықты басқаратын, қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін, мемлекетімізді бай-қуатты ететін басшыны таңдайық. Сайлауға бір кісідей қатысайық!

Бақыткүл НАЖИМОВА,
«Inclusive-Art» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

403 қаралым