Жарияланды: 09.11.2022

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АЙТТЫ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесті.

Кәсіпорын сүт өндіру және өсімдік шаруашылығы бойынша республикада өте жоғары көрсеткішке ие. Серіктестіктің өз селекциясын жүргізетін заманауи тәжірибе жасау алқаптары да бар. Былтыр «Жаңа Қазақстанға – жаңа ауыл» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС есебінен жаңа жерлерді игеруге, шағын шаруа қожалықтарының кірісін арттыруға мол мүмкіндік беретін тегін майлы дақылдардың күнбағыс гибриді егілген еді.

Жигули Дайрабаев кездесу барысында еңбек ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кандидат елімізді аграрлық державаға айналдыру үшін қорға жақсы тұқымдар қажет екенін айтып, бүгінде Қазақстанда жетіспейтін тұқым шаруашылығын дамытудың өте маңызды екендігіне тоқталды.

– Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС қолданатын технологиялардан топырақ сапасы айтарлықтай жақсартатынына көз жетті. Ал бүгінде Қазақстанда қолданылатын технология топырақ сапасын жақсартпайды, тек сақтайды,- дейді Ж.Дайрабаев.

Бұдан кейін кандидат жергілікті голштин тұқымы өсірілетін, жоғары өнімділігімен танымал сүт және мал шаруашылығы кешеніне барды. Сапалы менеджмент пен жақсы жем-шөп базасының арқасында бұл ұжым бүгінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

312 қаралым