Бүгін Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотында Түркістан облысының талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Тұрғымбековтың № 5199-22-5-20/2993 санды хатына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың «E- Өтініш» АЖ қосылуына қатысты тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты хабарлап отыр. Семинарға соттың кеңсе меңгерушісі Н.Бейсебек және сот отырысының хатшылары мен кеңсе сот мамандары қатысты.
Іс-шараны аша отырып, кеңсе меңгерушісі Н.Бейсебек «Е- Өтініш» ақпараттық жүйесі азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретіне тоқталып, қазіргі уақытта ай сайынғы есеп беру деректері «Е-Өтініш» АЖ автоматтандырылған режимде қалыптастырылатынын аттап өтті.
Семинар барасында Н.Бейсебек сот қызметкерлеріне ақпараттық жүйе арқылы шағымдарды қабылдау мен тіркеудің негізгі принциптерін түсіндірді. « Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын бірыңғай база. Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы « кодекстің 498- бабының 1- бөлігіне сйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерін ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертті.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көрсетілген ақпараттық жүйенің маңыздылығына назар аударды.