Әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады. Осыған орай Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым- қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, құмар ойындарға қарсы теріс пікір қалыптастыру қажеттігі жөнінде семинар өтті.
Аталған шараға Департаменттің құрылымдық бөлімдері, ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімшелер, Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалының қызметкерлері қатысты. Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, құқықбұзушылықты болдырмау, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшінің жалпы міндеті. Қолайлы жұмыс атмосферасы мемлекеттік қызметшіге өз әлеуетін ашуға, өз көзқарасын ашық жеткізуге, білімімен бөлісуге және жалпы міндеттерді орындауда ұжымды жұмылдыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Бұл бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын насихаттау мақсатында әртүрлі іс-шаралар мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, қызметтік әдебінің стандарттары) ілгерілетуге, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыруға, оның қызметінің тиімділігін арттыруға және т. б. бағытталған жұмыстарға қатысты бірқатар шаралар атқарылуда.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексінің талаптарын сақтау басты міндет болып табылады.