Жарияланды: 01.12.2022

Заң аясында тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді

 

Еліміздегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-бірлігі бұл саяси тұрақтылығымыздың негізі. Ешкімнің де ұлтына, тіліне қарап бөліп-жармай бауырына басқан тәуелсіз Қазақстан – құт мекен. Соның нәтижесі болар елімізде саяси тұрақтылық пен ынтымақтастық қамалы берік қаланған.

Міне, елдегі сол бір саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтау мақсатында Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №24 «А.Жами» атындағы жалпы орта мектебінде жиын болып өтті. Жаңа ауыл ауылдық округінің Атақоныс елді мекенінде орналасқан аталмыш білім ұясында қазақ, өзбек және тәжік ұлтының балалары білім алады.

Жиынға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының маманы Мейрамбек Айдарбеков, Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгеруші Нұрдәулет Айтуған, Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ инспекторы Ақерке Ерубай, мектеп мұғалімдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында аға буын өкілдері тарапынан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті тұратын ауданның өткені мен бүгіні, ертеңі жайында да сөз қозғалды. Күн санап әлемдік аренада өзіндік орынын айқындай түскен мемлекетіміздің дамуында өскелең ұрпақтың сауатты, иманды болуының маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде болуларына тыйым салу жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналар анықталған жағдайда заң аясында тиісті шаралар көрілетіндігі ескертілді.

 

290 қаралым