Жарияланды: 01.12.2022

Кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

 

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық аумақтық инспекциясы жануарларды мал сою орындарында сою, ішкі сауда объектілеріндегі ет, ет өнімдерін сатумен айналысатын жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге құқық бұзушылықтар орын алмас үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.  «Ветеринария туралы» ҚР 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңының 4-тарау 25-бабында, жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерiнің 11-тармағында, союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық- санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге міндетті, 11-1-тармағында, кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға міндетті екендігі көрсетілген. Осы Заң талабына сәйкес, ішкі сауда объектілеріне өткізуге келіп түсетін ет, ет өнімдері мен шикізаттар міндетті түрде ветеринариялық ілеспе құжаттарымен (ветеринариялық анықтама (Форма№ 2), ветеринариялық сертификат) тасымалданып, жануарлар міндетті түрде арнайы мал сою орындарында сойылуы тиіс. Ветеринариялық анықтама өндіріс объектісінің ветеринар маманымен беріледі.

Жеке аулада сойылған малдарды ішкі сауда нысандарына шығарып сатуға қатаң түрде тыйым салынады.

Осы талаптар сақталмаған жағдайда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Кодексінің 406 бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылатыныңызды ескертеді. Осыған байланысты құқықбұзушылыққа орын бергендерге қатаң ескерту жасап отыр.

 

357 қаралым