Жарияланды: 01.12.2022

Болашағыңның іргетасын нықта, жас өрен….

 

Бүгінде кәмелетке жасына толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алц үшін түрлі шаралар қолға алынуда. Жасөспірімдерге арнайы түсіндірме жұмыстары, арнайы жиындар өткізілуде. Әрине болашағының іргетасын бүгіннен нықтап, қылмыс атаулыдан аулақ жүруге үгіттеу ересектерге міндет болып саналады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Жастар сарайында «Тәрбие көзі имандылық» тақырыбында мектеп оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу қонақтары орталық «Нұр» мешітінің наиб имамы Ж.Жаппаров пен Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры М.Камалов болды. Іс-шара барысында тәрбиенің жоқтығы қылмысқа әкелетіні және оның жазалары айтылып өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылатыны белгілі. Заңды, әлеуметтік пайдалы кызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмысқа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңдарда нақтылап көрсетілген… Балаға ата-анасы, бауырларынан бөле басқа ересек адамдар заңды өкіл ретінде таныла алмайды. Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмаған баланың басқа ересек адамдардың қатысуымен болуы (мысалы, жас адаммен, компаниямен), бірақ заңды өкілдерсіз болуы заңсыз болып саналады. Алыс ағайыны не болмаса көршісі де кәмелетке толмаған құқық бұзушы үшін заңды өкіл болып табылмайды. Тек заңды өкілдер ғана баланы полициядан алуға құқылы. Егер ата-аналары уақытша қалада болмаса, онда туыстары немесе өкілдері тиісті құжатты немесе нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуы керек. Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi. 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  9- тарауы 72-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегізге толмаған  кәмелетке толмағандар деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуымен қатар әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін. Осы және де өзге де құқықбұзушылықтар туралы, одан бойды аулақ ұстау қажеттігі туралы кеңінен әңгімеленді. Мұндай мағыналы да мәнді тәрбие беретін жиындардың берері мол. Алдағы уақытта осы тақылеттес жиындар көптеп ұйымдастырылмақ. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, пайдалы жауаптары алынды.

 

 

 

 

333 қаралым