Жарияланды: 02.08.2018

Экономикалық аймақ қанатын кеңге жаймақ

Жалпы Түркістан облысында жылдың соңына дейін 34,7 миллиард  теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94 пайызы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, «Оңтүстік»  арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция соммасы 34,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылған.  Яғни бұл кәсіпорындармен 22,7 миллиард теңгеге өнім өндірілсе, өндірілген тауарлар Германия, Англия, Корея, Түркия, Ресей сынды 15-тен астам елдерге экспортталған. Аталған аймақта осы жылдың соңында жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңге құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 1,2 трлн. теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын  135 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның аясында 47,7 млрд. тг. құрайтын 49 жоба іске асырылды. Онда 1900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 37  млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды.

163 459 қаралым