Жарияланды: 02.08.2018

Кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында

Түркістан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асыру барысында аудандарда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы өткен жылы Сарыағаш ауданында «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 470,0 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген болатын. Олар «ТМстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бірлік ауылдық округіндегі аумағынан жалпы құны 250,0 миллион теңгені құрайтын пресс жіп шығару зауытың құрылысы. Екінші, «Көшім» ШҚ – Ақтөбе ауылдық округіндегі аумағынан жалпы құны 100,0 миллион теңгені құрайтын тауарлық балық өсіру және балық етін өңдеу зауытының құрылысы. Үшіншісі «Жылға логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жылға ауылдық округіндегі жалпы құны 120,0 миллион теңгені құрайтын макорон өнімдерін өндіретін цех және көліктік – логистикалық орталығының құрылысы. Сондай-ақ, «ТМстрой 21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де Бірлік ауылдық округі аумағында құны 160,0 млн теңгені құрайтын кірпіш шығару зауыты да жобаға енгізіліп отыр. Жоба 2019 жылы іске асырылады. Одан бөлек, «Келесгидрострой» ЖШС-гі Жарты төбе а/о округіндегі жалпы құны 1,0 млрд теңгені құрайтын «Дархан» шағын ГЭС электр қуатын өндіреді. Жоба 2020 жылы іске асырылады деп күтілуде.

1 123 қаралым