Жарияланды: 01.12.2022

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігі бойынша Н.А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Н. А өзінің басқаруындағы көлік құралымен, Шаян-Ақтас-Қошқарата тас жолының 21/131 шақырымы тұсында басқарып келе жатып, қалғып кетіп, жол ережесін бұзып, рульге ие бола алмай жолдың оң жақ бетіне шығып кетіп жол көлік оқиғасын жасаған ,нәтижесінде жолаушы И.Н жеңіл дене жарақаттарын алған.

Сот отырысында Н. А кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін, жәбірленуші .И.Н жол көлік оқиғасы салдарынан төбе аймағының соғылып жырылған дене жарақатын алған.

Бәйдібек аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Н.А-ға Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 85 764 (сексен бес мың жеті жүз алпыс төрт) теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген

 

 

477 қаралым