Жарияланды: 20.11.2022

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТ САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округіндегі №604 сайлау учаскесіне келген І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Данияр Мамадиев алғашқылардан бірі болып өз таңдауын жасады.

Сайлау учаскесінің төрағасы сайлауға келіп өз азаматтық белсенділігін танытқан азаматқа ризашылығын жеткізіп, сыйлық табыс етті.

Айта кетейік, Сайрам ауданы Манкент ауылдық округінде 11 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал жалпы сайлаушылар саны — 21 083.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

293 қаралым