Еліміз үшін ең маңызды оқиға Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы өтті. Сайлау өткізуге дайындық жұмыстары тыңғылықты жүргізілгендіктен,халыққа дауыс беру үшін бар мүмкіндік жасалды.Мұны біз ақпарат құралдарынан,әлеуметтік желіден көріп,біліп отырдық.Сайлау учаскесінен ұзақ тұратын тұрғындар автобуспен тасымалданды.Ал мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға,жүре алмайтын қарт адамдардың үйіне барып,өз таңдауын жасауға жағдай жасалды.Үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгендіктен, дауыс беруге келушілер саны да көп болды.Ең бастысы,сайлау таза,әділ өтті деп есептеймін.Қазақстанның болашағы жарқын болады деп сенемін!
Жарияланды: 21.11.2022