Жарияланды: 22.11.2022

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА БАСҚАН ЖАҢА ҚАДАМ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Күні кеше еліміз үшін тарихи оқиға — Президент сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жоғары деңгейде әрі әділ өтті деп есептеймін. Мен еліміздің болашағын айқындау мақсатындағы отандастарымыздың белсенділігіне риза болдым.
Сайлаушылардың келіп, дауыс беруі — азаматтық қоғамның міндеті. Өйткені, өз кандидатына дауыс бере отырып, сайлаушы келешек ұрпақ үшін жаңашылдық әкеледі, болашақты айқындайды.Сайлауға белсенділік танытқан әр азамат өз Отанын, тәуелсіз Қазақстанын мақтаныш тұтатынына анық.
Жасаған таңдауымыз оңды екеніне ,еліміздің болашағы жарқын боларына сенімдімін!
Мәлібек Әбілқай Сазанбайұлы
Жібек жолы ауыл округі әкімінің орынбасары

334 қаралым