Жарияланды: 22.11.2022

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қазақ елі сайлауда халық дұрыс жолды таңдап, жұртымыз жаңа дәуірге қадам басты. 20 қарашада өткен Президент сайлауы ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелерге сай жүзеге асырылды. Бұл жолғы сайлауға көп адам қатысқанын байқадық.

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды. ҚР ОСК дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. Осылайша, сайлаудың кеше жарияланған алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамалармен расталды.

Осы орайда, елімізге жаңаша ойлайтын, жаңа әрі әділетті Қазақстан деген идеяны жүзеге асыратын білікті азаматтар керек. Қазақ халқының да, жаңа сайланған Президенттің де мәртебесі биіктей берсін!

Жалпы, сайлау дұрыс әрі әділ өтті. Жаңа жеті жылдық дәуір – Қазақстан үшін өте күрделі кезең. Президент үшін де ең жауапты мерзім болайын деп тұр. Жаңа әрі әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Айдар СЕЙДӘЗІМ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы

687 қаралым