Жарияланды: 03.08.2018

Жұмыспен қамтылғандар қатары көп

Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында даму қарқыны жоғары. Облыстық статистика департаментінің мәліметінше Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны, жедел деректер бойынша,  2018 жылғы 1 сәуірге 124 890 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға артты. Жыл жылжыған сайын кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Қызмет көрсету саласынан бөлек бүгінде өнім шығарумен айналысатындардың қатары қалың. Кондитерлік болсын, инновациялық өнім болсын, өңдеу саласында да тер төгіп жүргендер басым. Биылғы жылғы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыспен қамтылғандар саны 191271 адамды құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңіндегі деңгейінен 9,3 пайызға жоғары. 2018 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы, баға индексін қоса есептегенде, 2017 жылғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға артып, 52888 миллион теңгені құрады. Өнім шығарылымының негізгі үлесі 73,3 пайызы заңды тұлғаларға тиесілі. Кәсіпкерлік саласында нәпақа тауып жүргендерден облыс бюджетіне түскен түсім де жыл сайын көбейіп келеді.

1 010 қаралым