Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал майоры М.Кабденовтің бұйрықына сәйкес 2022 жылғы 25-27 қараша күндері Сайрам ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс шара барысында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан «Далабазар» жалпы орта мектебінің жылдық жоспарына сәйкес, Қарабұлақ ауылы аймақтарында 2022 жыл 25-қараша күні Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Сәкен Амангелдиев, Қанат Мырзатаев, Қарабұлақ ауылындағы барлық мектеп ДТІЖО және Сайрам АПБ ЖПҚ ЮПТ-ң полиция инспекторлары мен бірлесе отырып, тәртіпті сақтау, құқықбұзушылық, түрлі келеңсіз оқиғалардың, алдын алу бағытында күндізгі және түнгі рейдтік түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке мейрамхана, кафе, тойханалардың иелерімен кездесіп, «Бала еңбегін қанауға» жол бермеуге, оларға спирттық, алкаголдык, темекі, сигарет тауарларыны сатпауға шақырды және ата-аналар мен спорттық ойын-сауық кешендері иелеріне балалардың түнгі 22:00 ден 06:00-ға дейін заңды өкілдерінің ерітіп жүруін назарларына жеткізді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған бала түнгі уақытта үйден тыс жерде ата-анасының бақылауынсыз жүруге болмайды. Түнде тыныштықты бұзуға болмайды! ҚР Әкімшілік Кодексінің 437-бабына сәйкес. Бұдан бөлек жасөспірімнің алькоголді ішімдік ішкені анықталса, наркологиялық орталыққа 4 айға есепке алынуы мүмкін.