Жарияланды: 04.08.2018

Сыртқы сауданың айналымы артып келеді

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасының Түркістан облысы  бойынша, Шымкент қаласын қоса алғандағы негізгі көрсеткіштері жоғары. Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылғы қаңтар-мамырда Түркістан облысының, Шымкент қаласын қоса алғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 269,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 104,4%, оның ішінде экспорт – 89,2 млн. АҚШ долларын (87,6%) немесе өзара сауда көлемінің 33,1%, импорт – 180,6 млн.  АҚШ долларын (115,3%) немесе өзара сауда көлемінің 66,9% құрады. Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 239,3 млн. АҚШ доллар (өзара сауда көлемінің 88,7%) сомасында қалыптасты, Қырғызстан Республикасымен – 18,2 млн. АҚШ доллар (6,7%), Беларусь Республикасымен – 12,2 млн. АҚШ доллар (4,5%), Армениямен – 0,1 млн. АҚШ доллар (0,1%).ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 84,6% Ресей Федерациясына, 13,6% – Қырғызстан Республикасына, 1,7%  – Беларусь Республикасына, 0,1% –  Армения Республикасына тиесілі.

977 қаралым