Жарияланды: 04.08.2018

Тың жаңалықтар өндіріске ендіріледі

Түркістан облысында  «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мақсатында арнайы делегация өз жұмысын бастады. Сапардың негізгі мақсаты: Түркістан, Шымкент қалаларының полигонындағы жағдайды тереңірек зерттеу, Super Silk Road Grid жобасын іскеасыру үшін CCCS және Incheon Ұлттық университетін қаржыландыру арқылытехникалық және ғылыми қолдауды тарту мүмкіндіктерін талқылау болып табылады. Делагация мүшелері əуелі Түркістан облысының əкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, өңірдің «жасыл» экономиканы өркендетуде жасап жатқан жұмыстарымен танысты. Айта кету керек, облыс əкімінің «Шатқал» бағдарламасы негізінде біршама жұмыстар атқарылған болатын. Мұнан соң жақында ғана еліміздегі үшінші мегаполис атанған Шымкенттің тың жаңалықтарынан хабардар болды. Шаһар басшысы Ғабидолла Əбдірахымов делагаттарға жаңа серпінді жобаларды таныстырды. Ары қарай делегация мүшелерімен ауыл шаруашылығына қажетті кәсіби мамандарды әзірлейтін Шымкент аграрлық колледжінде кездесу өтті. Оқу орнының ұжымымен танысқан делегаттар агроөнеркәсіптік кешен (АӨК)және жасыл жобалар бойынша оқыту мәселелерін талқылады. Бүгінде аталмыш оқу орнының шәкірттері осы бағытта түрлі инновациялық жаңалықтарымен тәнті етіп жүр. Жақын уақытта олардың ойлап тапқан тың жаңалықтары өндіріске ендірілуі де мүмкін.

988 қаралым