Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны (азаматша) арызданған. Ол арызында, Шымкент қаласы аумағындағы өзіне тиесілі жеке сұлулық салонына белгісіз тұлға кіріп, кассада тұрған 300 мың теңге ақша мен ақ түсті сөмкенің ішінде болған жалпы құны 300 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарын жасырын түрде ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.
Аталған дерек ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматты Жамбыл облысы аумағынан қолға түсірді.
Белгілі болғандай, ол Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Тергеу барысында ұсталған азамат заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.
Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.