Жарияланды: 31.12.2022

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігі және Сарыағаш аудандық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің, сондай-ақ аудандық орталық мешітінің бірлесе ұйымдастырумен имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.
Семинарға Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхамед Сманов, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев және медресе ұстаздары, имамдар қатысты.
Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат – аудан аумағында орналасқан барлық мешіт имамдары мен «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстаздарына деструктивті діни ағымдардың алдын алуға, іс-тәжірибелері мен зайырлылық біліктіліктерін арттыру, жан-жақты дамыту мәселелерін қамту болды.
Семинарды Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов ашып, баяндама жасады. РАНТ мүшесі Дінмұхамед Сманов, РАТТ мүшесі, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Медет Халықов және медресе ұстаздары баяндама оқыды.
Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары – мешіттердің құжаттарын рәсімдеу, аудан көлеміндегі діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл аясында атқарылған жұмыстары туралы, мешіт имамдарының білімі, әдептілік міне-құлық қағидалары, қазақ мәдениеті және исмал құндылықтары, тарихы, исламдағы сенім, ақида мәселелері, қазіргі кезде әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы тақырыптар қозғалып, түйткілді мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, аудандық орталық мешіттің атқарылған жұмыстары туралы бас имам Тұрлыбек Төлебеков баяндама жасады. Шариғатқа қатысты білімдерін ұштап, қазіргі қоғамдағы мәселелердің пәтуәсы, дін білімі тереңнен сөз болды.
950 қаралым