Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп болмақ.
Індеттен кейін көрсеткіштер өсті
Түркияда коронавирустық індеттен ең көп зардап шеккен салалардың бірі – қалааралық автобус операторлары. Түркия автобус жүргізушілері федерациясының (TOFED) төрағасы Бирол Өзджан індеттің бәсеңдеуінен автобус қызметтері мен жолаушылар санының артқанын айтты: «2021 жылы көбейе бастаған қызметтер саны 2022 жылы барынша жақсарды. 2021 жылы Стамбулда 15 шілдеде Демократия автобус терминалында 370 мың болған автобус рейстерінің саны 2022 жылы 427 мыңға дейін өсті».
«Билет бағасы өзгермейді»
Бирол Өзжан былтыр жаз айларынан бері автобус билеті бағасы өспегенін жеткізді: “2023 жылы тарифтер өзгермейді. Пандемиядан бұрын біздің автобустар саны күніне 2 мың рейс болатын. Індет кезінде азайғанмен, 2022 жылы 1170 рейске өсті. Алайда 2023 жыл біршама баяу басталды. Бірақ алдағы Рамазан айы мен мерекемен және жазғы демалыс кезінде бұл көрсеткіш өседі. Жанар-жағармай бағасы тұрақты. Егер біз билет бағасы көтеірлсе, клиенттерді жоғалтуымыз мүмкін. Көпір мен тас жолдар ақысының өспеуі автбус жолаушылар тасымалына жақсы әсер етеді”.