Жарияланды: 04.03.2023

«Қыздың ары-ұлттың ары» атты қыздар жиналысы өтті

Бүгін Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы Жігерген Ауылы Округінің әжелер алқасы «Қыздың ары-ұлттың ары» тақырыбында Диқан Жалпы Орта Мектебінде қыздар жиналысын өткізді.

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне, келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.

 
Бұл отырысты Баян Рымбекова жүргізе отырып, қыздарға, «Қыз бала ұғымын қалай түсінесіңдер?»-деп тікелей сұрақ қойды. Қыздар- сыпайы, нәзік, әдемі, әдепті, ақылды, жақын дос, көрікті, ұқыпты, тәрбиелі, болашақ ана деген сөздерді жарыса айтты.
 
Енді осы жиналысымыздың өрбуіне жолашар видеороликті көрсек;
Мектеп психологы Жадыра Асқарова тәрбиелік мәні зор бейнебаянды көрсетіп, қыздарға өзінің ақылын, кейде көңілі толмайтынын, оны қалай жоюға болатынын түсіндірді.
9-сынып оқушысы Даулетова Ақерке» Қыз-өмірдің гүлі»эссесін оқып берді.
Диқан Жалпы Орта Мектебінің мейірбикесі Алтынай Биузақ қыздар тазалығы, ерте жүктіліктің алдын алу жолдары туралы баяндап берді.
 
Мейірбикенің баяндамасынан кейін пікір алмасып ой бөлісті.
Әжелер алқасының мүшесі Насипа Алимкулова өз кезегінде қыздың ары- ұлттың ары екенін түсіндіріп, ақыл кеңесін берді.
 
Мектеп директорының оқу бөлімінің орынбасары Жунусова Гүлдариға оқушы қыздардың тәрбиелі екенін, жаман аттарының шықпағанын айта келе, телефонның пайдасы мен зияны туралы баяндады.
Қорытынды: Сонымен, қорытындылай келе, қыздарымызға айтарымыз, кез келген көрінгенге еліктемей, қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойларына сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық болыңдар демекпін.
1 164 қаралым