Кездесулерде, әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындары түнгі жарық шамның қосылу мерзімін ұзартуды сұранған болатын. Аудан әкімі Төлеген Телғараев халық өтінішін ескере келе, олардың қауіпсіздігін қамту бағытында, жұмысқа барып — келу уақытын ыңғайлау үшін күн ұзаруына байланысты аудан орталығындағы көшелердегі түнгі жарықтарды кешкі сағат 20.00 ден — түнгі 2.00 ге дейін, таңғы сағат 5.00 ден -7.00 ге дейінгі аралықта қосуды ұйғарды.
Жарияланды: 04.04.2023