Жарияланды: 05.04.2023

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БИЫЛ ЕКІ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Келес ауданында бала туу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Нәтижесінде мектепке баратын оқушылардың саны жыл сайын артып, қосымша мектеп салу мәселесі күн тәртібіне көтеріліп отыр. Осыған орай аудан аумағында биыл екі мектептің құрылысы аяқталып, үш мектептің құрылысы басталмақ.
Биыл пайдалануға берілетін мектептердің бірі — Ошақты ауылдық округіндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 300 орындық оқу корпусы. Аталған құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы барып, мердігерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындалуы бағытында нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жылу жүйесі, сыртқы абаттандыруы, құрылылыс материалдарының сапасына мәр беруі және спорт, асхана залдарына қойылатын құрал-саймандардың ыңғайлы әрі сапалысын орнату керектігін айтты. Берілген тапсырмалардың орындалуын өзі бақылауда ұстайтынын жеткізді. Аталған білім нысанының ескі ғимараты 600 орынға лайықталып, 1200 бала білім алуда.
Биыл ел игілігіне тапсырылатын білім ошағы — Қошқарата ауылдық округінің орталығындағы №25 С.Сейфуллин мектебіне қосымша 300 орындық оқу, асхана және спорт зал құрылысы. Аталған білім ошағының ескі ғимаратында 600 оқушы екі ауысымда білім алып жатыр. Сыйымдылығы 300 орынға лайықталған. Жаңа нысан биыл желтоқсан айында пайдалануға берілуі жоспарланған.
Құрылыс барысымен танысқан аудан басшысы Жәнібек Есенұлы мердігерге жұмысшы санын арттыру және сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.
597 қаралым