Жарияланды: 06.04.2023

Келес ауданында патриоттық әндер шырқалды

Келес ауданындағы Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде патриоттық әндер кеші өтті.
Шараға Астана қаласынан құрамында 20-дан астам дәстүрлі әншілері бар ән-би ансамбілі қонақ болып келіп, әуезді әндер шырқады.
«Жыл басынан бері еліміздің аудан, ауылдарын аралап, патриоттық бағытта концерттік бағдарламар ұйымдастырып жатырмыз. Бастаманы жергілікті атқарушы орган өкілдері қолдап, осындай мәдениет сарайын пайдалануға беріп жатыр. Ол үшін алғысымыз шексіз. Патриоттық концерттен жас ұрпағымызға, жастарымызға мәдени, патриоттық тәлім-тәрбие көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр, — деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери патриоттық ән-би ансамблінің солисті, кіші сержант Тұрғынәлі Шарап.
Аталған ансамблдік құрам бүгінде гострольдік сапармен Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының аудандарын аралап үлгерген. Алдағы апталарда еліміздің өзге қалаларында концерттік бағдарламалар өткізбек.
592 қаралым