Жарияланды: 18.05.2023

Мешіттер мекені


Афионды апиынымен қоса артта қалдырып, Бейшеһерге жеттік. Бейшеһер — Коньяға жақын орналасқан қала. 70 мың тұрғыны бар. Мұндағы көне мешіт Эшфорфоглудың тарихы ХІІІ ғасырдан тамыр тартады. Ерекшелігі көп. 48 бөрене көтеріп тұрған мешіт балқарағайдан өрілген. Ағаш түзу болып, өз қасиетін ұзақ сақтауы үшін алты ай суда ұсталып, содан кейін ғана құрылысқа пайдаланылған екен. Биіктігі 7,5 метр. Әрқайсысының диаметрі 40 см шамасында. Мешіттің дәл ортасына қарға арналып терең ор қазылған. Оған қыс бойы жақын жердің қарын жинап, мешітті салқындатуға пайдаланып, тоңазытқыш ретінде қолданған. Бейшехирдегі көлдің де маңызы зор. Ені 20 шақырым, ұзындығы 45 шақырымға созылып жатқан көл балыққа бай.
#түркітілдесжурналистикақоры

361 қаралым