Жарияланды: 16.05.2023

БҰҰ Бас хатшысы орынбасары Ларби ДЖАКТА Қазақстанда конференция өткізеді

    

  ПРЕСС-АНОНС

Құрметті әріптестер,

17-19 мамырда Астана мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Парасаттылық. Инновациялар» атты жыл сайынғы конференциясы өтеді. Іс-шараға Америка, Еуропа, Африка, Орталық Азия, Кавказ, Оңтүстік-Шығыс Азияның 30 елінің өкілдері қатысады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АШЫЛУЫНДА, 17 МАМЫРДА, СӘРСЕНБІДЕ, СӨЗ СӨЙЛЕЙТІНДЕР:

  • Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан БАЙМЕНОВ
  • БҰҰ Бас хатшысы орынбасары, Мемлекеттік қызмет жөніндегі халықаралық комиссия төрағасы Ларби ДЖАКТА
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат ЖҰМАҒАЛИ
  • ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару жөніндегі директораты басшысы Эльза ПИЛИЧОВСКИ
    • Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігінің бұрынғы министрі, Американдық мемлекеттік басқару қауымдастығының (ASPA) халықаралық директоры Пан Сук КИМ
    • Филиппин Республикасы Ішкі істер және жергілікті өзін-өзі басқару министрі Бенджамин АБАЛОС
    • Шығыс өңірлік мемлекеттік басқару ұйымы (EUROPA) Бас хатшысы Алекс БРИЛЛАНТЕС
    • Африка мемлекеттік басқару қауымдастығының Бас хатшысы Джордж СКОТТ

ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯДА НЕГІЗГІ СПИКЕРЛЕР РЕТІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕЙТІНДЕР:

  • ЭЫДҰ Парақорлыққа қарсы жұмыс тобының бұрынғы жетекшісі Драго КОШ
  • Халықаралық сарапшылар — Виктор ГУЗУН (Эстония) және Рекс ФЕЙСЕР (АҚШ).

ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯЛАР ЖӘНЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР:

Бірінші панельдік сессия аясында қатысушылар мемлекеттік қызметте меритократия қағидатын жүзеге асыру жөнінде Бельгия, Корея, АҚШ, Канада және Қазақстан тәжірибесімен танысады. Бұл сессияда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру теориясының негізін қалаушы Джеймс Л. ПЕРРИ (АҚШ) баяндама жасайды.

Хабтың бірқатар зерттеулерінің нәтижелері, оның ішінде мемлекеттік қызметке таланттарды тарту, мемлекеттік қызметшілерді марапаттау, бюрократизация, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың басқа да өзекті аспектілері, таныстырылады.

ЕКІНШІ КҮНІ, 18 МАМЫРДА, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сессиясында Словенияның Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Бас комиссары Роберт ШУМ, Қытай Ұлттық басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығының басшысы Жу ЛИНГДЖУН және т. б. сөз сөйлейді.

Бұдан басқа, «Мемлекет пен азаматтар арасында тиімді коммуникациялар құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Онда «Мемлекеттік органдардың халықпен байланыс арналары» атты кең көлемді зерттеудің нәтижелері таныстырылады, сонымен бірге цифрлы медиа бойынша грузиялық сарапшы Ани Сирбиладзе және мемлекеттік органдар өкілдері баяндама жасайды.

Алғаш рет конференция аясында «Мемлекеттік басқару дамуының мәдени-өркениеттік аспектілері: Лагаш пен Әл-Фарабиден бүгінгі күнге дейін» атты дөңгелек үстел өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Түркия ғалымдары Әл-Фараби, Темірлан, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқайдың ой-пікірлері, сондай-ақ құндылықтардың мемлекеттік басқарудың дамуына ықпалы туралы пікір алмасады.

ҮШІНШІ КҮН (19 МАМЫР) адам ресурстарын басқару саласындағы цифрландыру мен инновациялар, сондай-ақ мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат пәндерін оқыту мәселелеріне арналады.  Бұл күні Грузия, Қазақтан, Корея Республикасы өкілетті мемлекеттік органдары,және Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Нархоз Университеті басшылары сөз сөйлейді.

Сонымен қатар Корея Үкіметі, Хаб, БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырылатын цифрлық трансформация үшін өзгерістерді басқару бойынша семинарда (17-18 мамыр) мемлекеттік басқаруды цифрландыру саласындағы озық тәжірибелер мен бастамалар талқыланады. Корея, Дүниежүзілік Банк және ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары семинарда баяндама жасайды.

Конференцияны өткізу уақыты: тіркеу-09.00

Өтетін орны: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, Абай даңғылы 33а, 010000, Астана, Қазақстан

Аккредиттеу үшін телефондар: +7701 343 6376 (WA), 42-12-87, csrkazpr@gmail.com

337 қаралым