Жарияланды: 08.06.2023

Астана халықаралық форумы шеңберінде Қазақстан мен Болгария ғылым академиялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 Ғылыми-академиялық саладағы ынтымақтастықты нығайту және өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің белсенді қолдауымен Астана халықаралық форумы аясында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ (ҰҒА) мен Болгария ғылым академиясы (БҒА) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қазақстандық тараптан ҰҒА президенті Күнсұлу Закария және болгар тарапынан БҒА төрағасы Юлиан Ревалски қол қойды.

Бұл құжат Қазақстан мен Болгарияның ғылыми ведомстволары желісі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдетудің құқықтық негізін қалады.

284 қаралым