Жарияланды: 09.06.2023

Мемлекет басшысы Total Energies компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады

Мемлекет басшысы Total Energies компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және президенті Патрик Пуяннені қабылдады.

Кездесуде Total Energies  компаниясының Қазақстанмен қарым-қатынасының негізгі аспектілері және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Total компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу перспективасы қарастырылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады

  Президент Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген  белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады.

  Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді.

Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.

185 қаралым