Жарияланды: 20.06.2023

Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзінен:

■ Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор. Немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады;

■ Елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар Қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Германияда 1 миллионнан астам  бұрынғы отандастарымыз тұрады;

■ Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 миллиард доллар болды. Қазақстан Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің қатарына кіреді;

■ Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Германия тарапының өтініші бойынша Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту – соның нақты мысалы;

■ Бүгінде «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді;

■ Қазір Еуропа Одағында «Global Gateway» стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық.

204 қаралым