Жарияланды: 14.06.2023

Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасының Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лализ Кудратовпен кездесті.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсандағы Ташкент қаласына мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың іске асырылу барысын талқылады.

Тауар айналымын одан әрі ұлғайту жөніндегі перспективалық міндеттерді ескере отырып, тараптар өткізу пункттерінің жүк тасымалын едәуір ұлғайтуға дайындығына маңызды мән берді.

Бұдан басқа халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосуға дайындық қарастырылып, оның өнеркәсіпті дамыту саласындағы перспективалық рөлі атап өтілді. Өндірістік процестерді оқшаулауды бірлесіп дамыту үшін автомобиль жасау саласында, атап айтқанда болат, алюминий, шыны, полимерлер, былғарыдан жасалған компоненттер өндірісінде жоғары әлеует байқалды.

Тараптар өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумын өткізу мерзімдері туралы пікір алмасты және де екі елдің аумағында өнеркәсіптік-сауда бизнес-форумдарын ұйымдастыруға келісті.

195 қаралым