Жарияланды: 31.08.2023

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АСТАНАҒА 550 ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Бүгін Астана қаласына Түркістан облысынан 550 тоннадан астам ауыл шаруалығы өнімдері артылған жүк керуені жолға шықты.
Айта кетейік, 2-3 қыркүйек күндері Түркістан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен Астана қаласында дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Онда 550 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада сатылатын болады.
​Сондай ақ, жәрмеңкеде Түркістан облысының қатысуымен Елорда тұрғындары мен конақтарына арналған концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Республикада ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13%-ы Түркістан облысына тиесілі. Климаттық жағдай, жұмыс күші тұрғысында облыс ауыл шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңір. Облыста 80 мың агроқұрылымдар бар. 1 млн. астам халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты.
259 қаралым