Жарияланды: 24.01.2024

САРЫАҒАШТА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Сарыағаштық 38 жастағы көпбалалы ана Гүлмира Даурбаева үш қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2 кг, 2300 және 1900 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Сарыағаштық батыр ана бүгінде 8 баланың анасы атанды. Үшемдерге туыстары Әмина, Сәбина және Медина есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады.
Оның айтуынша, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламай жүрген. «Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынынымды естігенде басқаша сезімде болдым,» дейді батыр ана.
Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.
Мәліметтерге сәйкес, №1 облыстық перинаталдық орталықта 2023 жылы 158 егіз бен 2 үшем дүниеге келген.
1 412 қаралым