Жарияланды: 03.04.2024

Түркістан облыстында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 20-ға жетті

Бүгінде Түркістан облысында жалпы 20 ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Олардың қатарында Арыс қаласындағы — Дермене, Теміржолшы, Орманды, 40-разъезд елді мекендері, Бәйдібек ауданындағы — Түйетас елді мекені, Жетісай ауданындағы — Алмалы елді мекені, Келес ауданындағы — Шұқырсай және Мақташы елді мекендері бар. Сонымен қатар, Мақтаарал ауданындағы — Табысты елді мекені, Ордабасы ауданындағы — Аққойлы, Жусансай, Төреарық және Көлтоған елді мекендері, Отырар ауданындағы — Қарғалы ауылы және Сауран ауданындағы – Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендері, Төлеби ауданындағы — Алғабас, Оңтүстік және Диханкөл елді мекендері, сондай-ақ Қазығұрт ауданындағы – Шарбұлақ ауылы ішімдіксіз ауылдардың қатарына қосылған.
Бұл ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынып отыр. Соның арқасында аталған ауылдарда қылмыс азайып, жастардың салауатты өмір салтына, спортқа қызығушылығы артқан.
833 қаралым