Жарияланды: 11.04.2024

САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Сарыағаш орталық ауруханасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді.

Бүгін азық-түлік, тұрмыстық әрі гигиеналық заттар мен көрпе төсек,әлеуметтік қажетті заттар тиілген 2 жүк көлігі Атырау облысына жөнелтілді.­ Апатты аймақтағы тұрғындарға жәрдем қолын созуға Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мирзалиев бастаған ұжым қызметкерлері белсенді атсалыстып жатыр.

“Еліміздің бірнеше аймағында болып жатқан көктемгі су тасқыны жергілікті ағайын-жұртты үрейлендіріп, әбігерге салуда. Осындай қиын кезеңде зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету біздің азаматтық міндетіміз деп білеміз. Мемлекет басшысы айтқандай, күшіміз бірлікте. Сондықтан ел болып бірігіп, қиындықты жеңіп шығамыз”-дейді Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бахыт Мирзалиев.

Осылайша Ораза айт мерекесінің бірінші күні игі іс жасап, апатты аймақтағы халыққа көмек көрсетуде бел­сенділік танытқан Сарыағаш орталық ауруханасының ұжымы халықтың күші бірлікте екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

476 қаралым