Жарияланды: 12.06.2024

МСАК ұйымдарында өз бетінше мейіргерлік қабылдауды енгізудің қажеттілігі, маңыздылығы

фото №1 емхана

Елімізде енді медбикелер де науқастарды қабылдап, диагноз қоюға құқылы болады. Бұл жаңашылдықтың тиімді тұстары көп. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жаңа бастама дәрігерлердің жүктемесін азайтып, пациенттердің уақытын үнемдеуге көрсетер көмегі көп дейді.

фото №1 емхана

Аталмыш бастама бойынша орта медициналық қызметкерлер арнайы бағдарлама бойынша білім алатын болады. Оқу мерзімі қанша уақытқа жалғасатыны әзірге белгісіз болып тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медбикелер ең заманауи әдістер мен стандарттар бойынша оқытылып, жаңа міндеттерін тиімді атқара алатынын айтып отыр.

Емханаларда дәрігерлер мен мейіргерлердің міндетін қайта бөлу мәселесі бұрыннан-ақ сөз болып жүрген болатын. Ұзақ уақытқа созылған талдау жұмыстарының нәтижесінде орта медициналық қызметкерлерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Яғни мейірбикелер кейбір тексерулерді өздері жүргізіп, жолдама беретін болады. Бұл жаңашылдыққа тұрғындардың пікірі екіге жарылып тұр. Бірі дәрігерлер жетіспеушілік мәселесін шешеді деп қуанса, енді кейбірі жоғары білімі жоқ мамандарға адамның денсаулығын тапсыру дұрыс емес деп есептейді.

Осылайша, медбикелерге пациенттердің өздерін қарауына сену дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтуға және пациенттерге күтім көрсету қолжетімділігін жақсартуға көмектеседі. Бұл да медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын арттырып, жұмысын оңтайландыруға септігін тигізері сөзсіз.

Махамбет Әбдезімұлы Бейсеуов,

ДСБ ШЖҚ «№1 қалалық емхана»

МКК-ның бас дәрігері

694 қаралым