Жарияланды: 24.07.2024

Алғаш рет белтемірге тартылу сайысы өтті

фото Түркістан спорт

Түркістан облысында алғаш рет облыстық «Turkistan Workout Fest» фестивалі ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты атрибуттарының бірі белтемірге тартылу болатын. Бұл шараны Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы ММ мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және жүгіру және аула спортына қызығушылықты арттыру мақсатында өткізді.

 

Фестиваль аясында жастар арасында белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі спорттық жарыстар, шеберлік сабақтары мен көрсетілімдер болды. Қатысушылар әртүрлі пәндер бойынша бақтарын сынап, жаттығуларды орындаудың дұрыс техникасы туралы көбірек біле алды және кәсіби мамандардан пайдалы кеңестер ала алады. «Turistan Workout Fest» фестивалінің басты мақсаттарының бірі жастарды салауатты өмір салты мен белсенді демалысқа баулу болатын. Ұйымдастырушылар спорт пен дене шынықтырумен айналысудың қызықты әрі барлығына қолжетімді екенін көрсетуге тырысты. Фестивальде тек жарыстар ғана емес, сонымен қатар дене шынықтырудың пайдасы туралы ақпараттандыруға бағытталған танымдық іс-шаралар да болды.

 

Байқау барлық қатысушылар мен көрермендерге жағымды әсер қалдырып, сәтті аяқталды. Шара жастардың спорттық рухын нығайтуға ықпал етіп, спортпен жүйелі түрде айналысуға деген қызығушылықты оятты. Қатысушылар ашық ауада спортпен айналысуды жалғастыру үшін қуат пен мотивация алды. «Turkistan Workout Fest» аймақ үшін белсенді өмір салтының маңыздылығы мен пайдасын көрсететін айтулы оқиғаға айналды. Бұл фестиваль Түркістан облысының жастары арасында спортты және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған алдағы уақытта өтетін іс-шаралардың негізін қалады.

 

Сайыстың финалдық кезеңіне Түркістан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар, «Jalyn» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керімбеков Құрмет пен белтемірші, танымал спортшы Сапар Азамат қатысты. «Осы сайысты өткізер алдында жастарымыздың қызығушылығы қалай болар екен, қатысушылар табылмай қала ма екен деген де ойлар болды. Аудан, қалаларды аралай келе жастардың аула спортына деген қызығушылығы артқанын түсіндім. Бүгінгі барша жеңімпаздарды құттықтаймын деді», Бектаев Ернар.

 

Спорттық сайыстың іріктеу кезеңі мамыр айынан бастап мен 23 маусым айы аралығында облысымыздың 17 аудан, қаласында өтті. Іріктеу кезеңіне 2 000-нан астам жас қатысып, 150-ден аса қатысушы гранд-финалға жолдама алып, бақ сынады. Қатысушылар жасы 3 жас ерекшелігі (14-18 жас, 19-27 жас, 28-34 жас) бойынша сынға түсті. Жарыс нәтижесінде мына спортшылар жеңіске жетті.  14-18 жас ерекшелігі бойынша: I орын: Баймұрат Нұрдәулет (Арыс қаласы) 280 рет тартылды. II орын: Рустамбеков Алимардан (Сайрам ауданы) 234 рет. III орын: Анаржан Ернар (Сайрам ауданы) 210 рет.

19-27 жас ерекшелігі бойынша:I орын: Тұрсұнқұлов Бекжан, (Қазығұрт ауданы) 238 рет. II орын: Айдос Нұрсұлтан (Шардара ауданы) 190 рет. III орын: Эрниязов Аббос(Сайрам ауданы) 188 рет. 28-34 жас ерекшелігі бойынша: I орын: Орынтай Нұрболат (Түркістан қаласы) 222 рет. II орын: Бектас Заңғар

(Арыс қаласы) 188 рет. III орын: Утебеков Бақдәулет (Келес ауданы) 166 рет. Білекті де жүректі жастар өздерінің батлдықтарын паш етті. Әрі осы спорт түрімен тұрақты айналысатындардың қатары қалың екен. Жеңіске жеткен бірнеше спортшыға арнайы жүлделер тапсырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болды. Марапатқа ие болғандардың барлығы да лайықты мықты спортшылар. Әрі түркістандық жастар аула спортына да қатты қызығатындарын байқатты. Ұйымдастырушылар бұл жоба жалғасын табатынын және талантты жастарды әлемдік турнирге дайындау үшін арнайы жоспар әзірленіп жатқанын жеткізді.

 

145 қаралым