Жарияланды: 25.07.2024

Ұлттық дәстүр жаңғыртылды

фото ТО ӘБҚ

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы жоспары аясында «Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені» атты кездесу ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының жоспары аясында ұйымдастырылған шара облыс тұрғындары арасындағы ұлтаралық келісім мен достықты нығайтуға бағытталған. Облыс тұрғындары арасында ұлтаралық келісімді, достық пен өзара түсіністікті нығайту, сондай-ақ татулық пен бірлік идеяларын насихаттау.

Әр ұлт өкілдері өз тарихтарын ортаға салып, өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тоқталып, бірлік пен татулықтың маңыздылығына тоқталды. Этникалық ансамбльдердің орындауындағы концерт, Қазақстанның мәдени алуан түрлілігі мен байлығын паш еткен халық әндері мен билерін орындау. Қатысушылар аймақта тұратын түрлі этностардың халықтық қолөнерімен және салт-дәстүрлерімен таныса алды.

Шараға  қатысушылар ауызбіршілік пен ынтымақты білдіре отырып, баяндамаларды белсенді түрде қолдап, пікірталастар мен мәдени бағдарламаға қатысты. Іс-шара аудан тұрғындары арасындағы ұлтаралық байланысты, өзара түсіністік пен достықты нығайтуға ықпал етті «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» слетінің ұйымдастырылуы өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуы үшін маңызды.

Іс-шара Қазақстанда тұратын түрлі этностар арасындағы достық байланыстарды құруға және нығайтуға ықпал етеді. Сарыағаш аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбында өткен кездесу өңірдің мәдени-қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Іс-шара ұлтаралық келісімді нығайтуға, бейбітшілік пен бірлік идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге ықпал етті. Мұндай бастамалар келісімді және достық қоғамды құру мен қолдауда шешуші рөл атқарады.

Аталмыш шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Алтаев, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Е.Күзембаев, ҰҚКД бастығының орынбасары Ж.Орынбаев, аудан әкімі А.Абдуллаев, сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы А.Оспанов, бокстан әлем чемпионы Б.Жақыпов, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Е.Есжанов және әзербайжан, өзбек этностарының өкілдері мен Жібек жолы ауылының жастары қатысты. Аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы Арман Оспанов  сөз алып қатысушыларға өзіндік ой пікірін жеткізді. Спортсүйер қауым Әлем чемпионының бірлікке, ынтымаққа шақырған сөздерін ұйып тыңдады. Сондай-ақ, бокстан Әлем чемпион Біржан Жақыпов пен аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы Е.Есжанов барлық жастарды спортпен айналысуға шақыра келе, жиын тақырыбына қатысты өз ой пікірлерін жеткізді.

Игі шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, жамағатқа ыстық ықыласын білдіріп, азат елдің егемендік жылдары жарқын жетістіктерді бағындырғанын, барлық игілік пен жетістік бірлік, этносаралық татулық ұғымдарымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының бастамасымен бірлікте, ынтымақта болайық, деген мақсатпен «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбы аясында «Жілік ұстату» рәсімі өтті. Бұл ерекше  ұлттық дәстүр бағзы замандардан бері жалғасын тауып келеді. Бұл рәсім түркі тілдес халықтар арасында бауыр, дос болайық арамызды ешқандай ала жіп үзбесін деген мағынада жасалынады. Аталмыш игі дәстүр бүгін жаңғыртылып, жалғасын тапты. Шара барысында Жібек жолы ауылындағы қазақ, әзербайжан, өзбек өкілдері жілік ұстасып, дос-бауыр болып, ауыл жастарын татулыққа, ынтымаққа шақырды.

 

Сарыағаш ауданында ұйымдастырылған «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» тақырыбындағы митингі мен «Ырыс алу – ынтымақ» салтанатты шарасы өңірдің мәдени-қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Бұл іс-шаралар ұлтаралық келісімді нығайтуға, бейбітшілік пен бірлік идеяларын ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге ықпал етті. Мұндай бастамалар келісімді және достық қоғамды құру мен қолдауда шешуші рөл атқарады. Достық пен татулықты насихаттауға бағытталған тұрақты бастамалар Түркістан облысында жарасымды және достық қоғам құруға және сақтауға көмектеседі.

 

Жалпы 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілдері береке-бірлікте өмір сүруде. Әр ауданда түрлі этнос өкілдерінің этнот мәдени орталықтары табысты жұмыс істеуде. Алдағы уақытта да әр ауданда, көршілес ауылдарда достық пен татулықты дәріптейтін іс-шаралар жиі өткізілетін болады.

 

159 қаралым