Жарияланды: 26.07.2024

Ғибратқа толы кеш өтті

фото kaz.orda.kz

 

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында Отырар ауданынан келген қонақтармен кездесу өтті. Өскелең ұрпақтың өлкеміздің тарихын білу мақсатында «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілдері мен Фараб облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлері патриоттық тәрбие сағатын ұйымдастырды. «Тарихыңды біл, еліңді құрметте» атты іс-шараның мақсаты ауқымды.  Аталмыш әдеби-сазды кеште әл-Фараби мен Қажымұқанның туған жерінен келген қонақтарды еңбек ардагерлері, жастар, мәдениет бөлімінің өкілдері құшақ жая қарсы алды.

Қонақтар кітапхана қызметкері Т.Жұмабекованың орындауында «Кентауым» әнін тыңдады. Бұл қойылым іс-шараға ерекше сән беріп, өңірдің мәдени мұрасын айшықтай түсті. Отырар аудандық орталықтандырылған жүйенің директорының арнайы сөз сөйледі. Қонақ Отырар аудандық орталықтандырылған жүйенің директоры А.Рыскелдиева облысымыздың қала-аудандарында өтіп жатқан мұндай басқосулардың маңыздылығына тоқталды. Ол мәдени алмасулардың маңыздылығын және олардың қоғаммен байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті. Қонақтар мен атақты жерлестер туралы жылы лебіздер айтылды. «Аманат» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы А.Басаров, Кентау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары М.Юлдашев, Қоғам қайраткері Б.Дәрібаева сөздсөйледі. Аталмыш әдеби-сазды кеш әртүрлі ұрпақ пен қоғам өкілдерін біріктірген айтулы оқиға болды. Кеште адамдар арасындағы байланысты нығайтып, өңірдің мәдени мұрасын қолдауға бағытталған мәдени-қоғамдық бастамалардың маңыздылығы айтылды.

 Айтулы кеште А.Басаров Кентау қаласының әкімі Ж.Тасовтың атынан қонақтарға алғыс хат табыс етті. Бұл шараға қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс ретінде жасалды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жетекшілері А.Рыскелдиева мен Г.Көқұлова туған жерлері туралы әңгімелейтін кітаптармен алмасты. Бұл мәдени алмасуды және өңірлер арасындағы байланысты нығайтуды білдіреді. Кітапхана жүйесінің қызметкері Ш.Махамбетиярова домбыраның сүйемелдеуімен шараға ұлттық нақыш қосып, бай мәдени мұраны ерекше атап өтті. Қонақтар мен шақырылғандар аталмыш мекеме қызметкерлері қойған «Аңызға айналған Хантағы» спектаклін тамашалады. Театр өнерінің жоғары деңгейін көрсеткен спектакль үлкен қызығушылықпен және таңданыспен қабылданды.

 

Қойылымнан кейін жиынға қатысушылар Хантағы ауылына аттанып, ақ киіз үйде кең жайылған дастарханда шара жалғасын тапты. Бейресми жағдайда қонақтар мен қатысушылар көргендерін талқылап, әсерлерімен алмасып, қазақ асханасының дәстүрлі тағамдарынан дәм татты. Аталмыш кеш мәдениет пен достықтың нағыз мерекесіне айналды. Ол әртүрлі ұрпақтар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін жинап, ұлттық мұраны сақтау және танымал ету үшін мәдени және қоғамдық бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай ұлттық нақыштағы кездесулер ақынар айтысынсыз өткен бе? Өнердің бұл түрі бойынша Отырар ауданынан келген ақын Д.Болатбаев пен жерлесіміз М.Мақажанов қол соқты. Қонақтардың айтатындары, мақтанатындары бар еді, өйткені олардың атақты жерлестері бүкіл әлемге танымал. Отырар аудандық «Әжелер алқасы» кеңесінің төрағасы М.Болатқызының аузынан талай ғибратты, пайдалы дүниелерді естідік.

 

Бүгінде Отырар ауданына табан тірейтін шетелдік туристер қатары артуда. Арыстан баб киелі мекенінде болған сапарында Бельгиядан келген қонақты кездестірді. Ол отбасымен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жүргенде араб гиді Қазақстаннан шыққан әлемге әйгілі ғалым әл-Фарабиді мақтан тұтатынын атап өткен. Кентауда Қажымұқанның туыстарының бірі «Ачполиметалл» зауытының Глубокий кенішінде жұмыс істеген. Қажымұқанды Түркістандағы стадионда ұшаққа ақша жинап жүргенде аталары көрген. Бұл әңгімелер мен естеліктер кештің маңызды бөлігі болды. Бұл кездесу қонақтар мен үй иелерінің жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз.

132 қаралым