Жарияланды: 27.07.2024

«Толағай» сайысы өтті

фото Сақ.кз

Жас спортшылармен кездесу және Мақтаарал өңіріндегі «Толағай» жарысы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан Мақтаарал аудандық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ-нің жазғы сауықтыру орталығында жас спортшылармен айтулы кездесу өтті. Бұл маңызды шараның ұйымдастырушысы «Мырзакент» спорт клубы болды.

 

Шара көптеген жас таланттардың басын қосты, олардың түрлі спорттағы жетістіктері қатарластарын шабыттандырып, жігерлендіреді. «Мырзакент» спорт клубының спортшыларына ерекше назар аударылды. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шараға спортшылар қатысып, спорттағы жетістіктері туралы оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, шара аясында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен «Толағай» байқауы өтіп, оған жазғы сауықтыру орталығында демалатын оқушылар қатысты. «Мырзакент» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Қатысушылар әр түрлі спорт түрлерінен жарысып, өздерінің күш-қуатын, ептілігін, командалық рухын көрсетті.

 

Спортшылардың ата-аналары ұйымдастырушыларға қолдау көрсетіп, спорттық дарындылардың дамуына жағдай жасағаны үшін алғыстарын білдірді. Олар мұндай іс-шаралар балалардың спорттық шеберліктерін шыңдап қана қоймай, олардың бойында табандылық, тәртіп пен командалық рухты тәрбиелеуге көмектесетінін атап өтті. «Мырзакент» спорт клубы алдағы уақытта да осындай кездесулер ұйымдастырып, тәжірибе алмасу алаңын жасап, Мақтаарал өңірінің спорттық жетістіктерін жоғары деңгейде ұстауды жоспарлап отыр. Осындай бастамалардың арқасында облыстағы спорттық қозғалыс дамуға тың серпін алып, жас таланттар өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік алуда.

 

Сонымен қатар, шара аясында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен «Толағай» байқауы өтіп, оған жазғы сауықтыру орталығында демалатын оқушылар қатысты. «Мырзакент» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бұқаралық спортты дамыту, каникулда оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, демалушылар арасындағы достықты нығайту мақсатында өткен жарысқа 1-4, 5-7 және 8-10 сыныптардан 70-ке жуық оқушы қатысты. Қатысушылар әр түрлі спорт түрлерінен жарысып, өздерінің күш-қуатын, ептілігін, командалық рухын көрсетті. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды, бұл олардың күш-жігері мен жетістіктерінің маңызды бағасы болды.

 

 

295 қаралым